Жаңалықтар
Өскеменде көру қабілетін тегін тексеруге болады
24 қазан күні Өскеменде көз саулығына арналған «Көру күні» атты ашық қалалық әлеуметтік іс-шара өтеді.
Тұрғындар шара барысында көру қабілетін тегін тексертіп, дәрігер-офтальмологтердің кеңесін ала алады. Сондай-ақ көз ауруларының алдын алу және көру қабілетін сақтау туралы дәрістер ұйымдастырылады.
Іс-шара Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Оған ересектер мен балалы отбасылар қатыса алады.
Қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, алдын ала тіркелу қажет. Ол үшін +7 705 216 0355 нөміріне хабарласуға немесе WhatsApp арқылы өтінім қалдыруға болады.



