Елімізде 6 жаңа кәсіби мереке пайда болады

ЖАҢАЛЫҚТАР 27-05-2025, 17:12 0

Қазақстанда кәсіби мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 6 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын дайындады.

«Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасындағы кәсіби мерекелер тізбесін келесідей атаулы күндермен толықтыруды көздейді:

– 31 қаңтар – Қазақстанның кәсіпкерлері күні;

– 7 шілде – Қазақстанның қолөнершілер күні;

– 9 шілде – табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні;

–  15 қыркүйек – санитариялық эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні;

–  12 қазан – кадр қызметі жұмыскерлерінінің  күні;

–  20 қазан – қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.

Бұдан басқа, Энергетик күнін мерекелеуді желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертіледі.

Айта кетейік, құжат 10 маусымға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив