Аула командалары арасында шағын футболдан турнир басталды - Өскемен

ЖАҢАЛЫҚТАР 27-05-2025, 16:35 0

Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аула командалары арасында шағын футболдан турнир басталды.

 Жарысқа 2011–2013 жылдары туған жас футболшылар қатысып жатыр.

Биыл турнирге жалпы саны 17 команда қатысуда.

Турнирдің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық балалар спортын дамыту, командада жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру және жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

27-31 мамыр аралығында қала аудандарынан келген командалар финалға шығу үшін өзара бақ сынайды. 

Шешуші ойындар 1 маусым күні өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар және естелік сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар, турнир қорытындысы бойынша қалалық әкімдік тарапынан аула спортына қолдау ретінде футбол доптары мен қақпа торлары берілед


 

і.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив