Катонқарағай ауданында туристі селден «құтқарды» – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 27-05-2025, 15:27 0

Катонқарағай ауданында сел жағдайындағы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Сарымсақты шатқалында аңызға сәйкес, қатты нөсер жауын жауып, жақын маңдағы мореналық көлдің бұзылуына себеп болды, соның салдарынан сел жүрді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Сел ағыны нәтижесінде туристік шатырды, бірнеше тұрғын үйді және автожол учаскесін басып калды.

Төтенше жағдай аймағында кеңейтілген жедел штаб жұмысын ұйымдастырды. Оқиға орнына келген құтқарушы-кинологтар зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Іздеу иті үйінді астынан аяғы сынған туристі тапты. Құтқарушылар жарақат алған туристі таулы аумақтан жол талғамайтын “ШЕРП” арқылы эвакуациялады. Медициналық қызмет зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті. Сел жағдайындағы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығу осылай жалғаса түскен. 

Сценарий бойынша полиция аумақты күзетіп, қоршауды қамтамасыз етті. Зардап шеккен азаматтарды орналастыру үшін мобильді эвакуация және уақытша орналастыру пункті орнатылды. Сел жүрген жерде өзен арнасын тазарту, автожолдағы үйінділерді жою жұмыстары инженерлік техника көмегімен жүргізілуде. ҚР ТЖМ “Қазселденқорғау” мамандары беткейлердің тұрақтылығы мен жай-күйіне баға беріп, сел қаупін бақылауда ұстаған.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Зайсан аудандарында, Риддер қаласы мен Алтай ауданында жалпы саны 13 сел қауіпті ошақ орналасқан. Аталған аудандардың таулы аумақтарында 11 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл бар. Мамандар қауіпсіздік мақсатында жыл сайын көлдер мұздан толық ашылғанға дейін, сел қаупі бар жағдайды бақылау үшін тексеру жұмыстарын жүргізеді.

ШҚО ТЖД және «Қазселденқорғау» мекемесінің филиалы ескертеді:

-тауға шығар алдында маршрутты мұқият жоспарлаңыз;

-  әсіресе көм мөлшерде жаңбырдан кейін сел қаупі бар аймақтардан аулақ болыңыз;

- сел ағынының дауысын естіген жағдайда, сай түбінен кемінде 50-100 метр жоғары көтеріліңіз;

- селмен бірге ірі тастар алыстан ұшып түсу, қауіп төндіруі мүмкін екенін есте сақтаңыз;

- сел апатынан тек алдын алу арқылы аман қалуға болатынын әрдайым естен шығармаңыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив