Тас жолдарда бұландар пайда бола бастады – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 27-05-2025, 15:00 0

Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жол шетіне бұған дйін жылқы макеттері қойылған болатын. Ендігі кезекті жабайы жануарлардың белгісі ретіне бұланның мекеттері қойыла бастады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Алғашқы бұлан макеттері Өскемен-Риддер – РФ шекарасы тас жолының 27 және 92 шақырымына орнатылды. 

– Кейбір аудандарда жабайы жануарлар жиі жолға шығады, сондықтан да бұл маңда жабайы жануарлар бар екенін көрсететін макеттер орнатылды. Ол автокөлік жүргізушілерінің сақтығы үшін, – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалы. 

Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалы Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахманов қайнары тас жолының бойына қойылатынын айтты. Сонымен қатар, Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын – Катон – Қарағай-Рахман қайнары, Өскемен – Семей, Омбы-Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл трассаларында жылқы макеттері орнатылмақ.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив