Күршім ауданының елді мекендеріне таза ауызсу тартылып жатыр. Бүгінге дейін жиырма бір ауылдың жиырмасы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Күршім ауылында 3 мыңнан астам үй бар. Жоспар бойынша барлық үйге таза ауызсу жеткізу 2026 жылы аяқталады. Қазір қаражаттың толық бөлінуін күтіп отырмыз. Дегенмен мердігер компания өз есебінен жұмысты жалғастырып жатыр, – деді ауданның сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Жәмелхан.
Жұмысты «Integra Construction» деп аталатын астаналық компания жүзеге асырып жатыр. Компания басшысының айтуынша, су бірнеше сүзгі мен бактерицидтік қондырғылар арқылы тазартылады. Жоба аяқталған соң жұмысқа үш жылдық кепілдік беріледі.