БҰҰ халықаралық электрондық байланыс одағының киберқауіпсіздік деңгейі бойынша рейтингінде Қазақстан 3-орында тұр. Бұл – елдегі ақпараттық қауіпсіздікті нығайту жолында атқарылып жатқан үлкен жұмыстардың нәтижесі.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Анатольевичтің айтуынша, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында барынша бейнероликтер мен ақпараттық контенттер дайындалады.
- Мәселен eGov.kz аркылы 1 млн азамат арнайы бейнероликтермен танысты, NOMADGUARD.kz жүйесіне 300 мыңнан астам колданушы тіркелді және CITIZENSEC.kz порталында 41 000+ азамат киберқауіпсіздік курстарынан өтті, - деді министр.
Сондай-ақ, азаматтардың жеке деректерінін қауіпсіздігін бақылау мен банк қызметтерін ерікті турде шектеу мүмкіндігі де қарастырылған.