ШҚО делегациясы Қытайға барды

ЖАҢАЛЫҚТАР 19-05-2025, 14:52 0

Шығыс Қазақстан делегациясын облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастап барды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Облыстық басқарма қызметкерлері, аудан әкімдері мен бизнес саласының өкілдерінен жасақталған делегация 20 мамырда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай қаласында өтетін «Үлкен Алтай» өңірлік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияға қатысады.

ШҚО делегациясы конференция аясында сауда және экономика, білім, ғылым және техника, ауыл шаруашылығы мен экология, мәдениет, туризм және спорт, сондай-ақ өткізу бекеттерін дамыту бойынша сессияларға қатысады.

Іссапар барысында ШҚО әкімі СҰАА партия комитетінің хатшысымен және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметінің төрағасымен ресми кездесу өткізеді.

Бағдарламаға сәйкес, ШҚО делегациясы Алтай политехникалық колледжіне, табиғи төмен дейтерийлі мұздық суын өндіретін «Синьцзян Сюэду» компаниясына және Алтай аймақтық дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасына барады.

Кездесулер барысында түрлі бағыттар мен салалар бойынша ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру жоспарлануда.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив