Өскеменде қызғалдақ-ару муралы салынды

ЖАҢАЛЫҚТАР 19-05-2025, 10:30 0

Әуезов даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің қасбетіне тағы бір ұлттық нақышты мурал салынды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жаңа туындыға қазақ даласының символы қызғалдақтар мен хас сұлу арқау болған. Қауыз ашқан қызғалдақтар кең даланың сәні, құлпырған арулар рухани байлықтың мәнін айшықтап, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің символы ретінде бейнеленген. Сондай-ақ қабырға суретке қазақтың киіз үйі де бейнеленген. 

Қызғалдақ-ару муралы Әуезов даңғылындағы 16-шы үйдің қасбетіне өрнектелді. 

Айта кетейік, соңғы жылдары облыс орталығында ұлттық нақышты және патриоттық мазмұнды муралдар көбейіп келе жатқанын айтуымыз керек.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив