Өскеменде ұлттық нақышты мурал салынып жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР 12-05-2025, 16:11 0

Әуезов даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің қасбетіне тағы бір ұлттық нақышты мурал салынып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жаңа туындыға қазақ даласының символы қызғалдақтар мен хас сұлулар арқау болған. Қауыз ашқан қызғалдақтар кең даланың сәні, құлпырған арулар рухани байлықтың мәнін айшықтап, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің символы ретінде бейнеленген. 

Қабырға сурет Әуезов даңғылындағы 16-шы үйдің қасбетіне салынып жатыр.

Соңғы жылдары облыс орталығында ұлттық нақышты және патриоттық мазмұнды муралдар көбейіп келе жатқанын айтуымыз керек. 


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив