Зайсанда дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшты

ЖАҢАЛЫҚТАР 19-05-2025, 10:11 0

Зайсан ауданында дауыл соғып, үйлер мен ғимараттарға зақым келді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Аудан әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, үйлердің шатыры ұшқан, ағаштар құлаған.

«Апат салдарын жою мақсатында аудан әкімдігінің жауапты қызметтері мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жедел түрде оқиға орындарына шығып, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті», - делінген ақпаратта.

Қазір, әкімдіктің мәлімдеуінше, нақты шығын көлемі есептеліп жатыр. Тұрғындарға құлап жатқан ағаштарға, электр сымдары жоламау жөнінде ескертілді.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив