ШҚО-да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясы кеңейіп келеді

ЖАҢАЛЫҚТАР 16-05-2025, 18:00 0

Облыс әкімдігінде сенаторлардың қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту және әкімшілік кедергілерді жою мәселелері қаралды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жиынға Парламент Сенатының депутаттарымен қатар өңірдегі кәсіпкерлер мен салалық басқарма басшылары қатысты.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша жетекші өңірлердің қатарында. Бүгінде өңір портфелінде жалпы құны 12 миллиард теңгеден асатын 47 жоба бар. Шығыс Қазақстанда әзірленген инвесторларды сүйемелдеу алгоритмдері тиімді деп танылып, басқа өңірлерге енгізу ұсынылды. Бұл – барлық құрылымдардың үйлесімді жұмысы мен бизнес-қауымдастықпен ашық диалогтың нәтижесі.

Кәсіпкерлер тарапынан аграрлық саланың дамуына тікелей әсер ететін ветеринариялық ережелерді жетілдіру бойынша маңызды ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, ҚР Салық кодексін жетілдіруге қатысты бастамалар мен ескертулер де көтерілді.

Сенаторлар бизнестің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, заңнама мен нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив