Өскемен қалалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы жазғы еңбек маусымының басталуына орай 16 мен 35 жас аралығындағы азаматтарды уақытша жұмысқа орналасуға шақырады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Құжаттарды қабылдау Жібек жолы көшесі, 3 мекенжайында орналасқан «Jastar Oskemen» комьюнити орталығында жүргізіледі.
– Жоба жастарды еңбекке баулып қана қоймай, қала аумағын абаттандыруға, көгалдандыруға белсенді атсалысуына мүмкіндік береді. Қатысушыларға еңбекақы төленеді, сондай-ақ еңбек дағдыларын меңгеріп, қоғамға пайдалы іспен айналысуға жол ашылады, – деп хабарлады Өскемен әкімдігі.
Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша Өскемен қалалық штабтың байланыс нөмірі: +7 (707) 967 72 99.