Жыл басынан бері 143 мың адам жұмыспен қамтылған

ЖАҢАЛЫҚТАР 16-05-2025, 16:10 0

Осы жылы 158 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылған. 1 мамырдағы жағдай бойынша 143,2 мың қазақстандық жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 106,3 мың адам жіберілген. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 9,6 мың адам, жастар практикасында 6,6 адам, қоғамдық жұмыстарда 78,3 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 11,1 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 680 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 33 адам жұмыспен қамтылған.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 36,6 мың жұмыспен қамтылса, оның ішінде 34,5 мыңы оқуды аяқтаған.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 14,1 мың адам қамтылып, оның 7,3 мыңы оқуды аяқтап, сертификаттар алған.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 802 адам жіберіліп, оның ішінде 51 адам оқуды аяқтаған.

Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 140,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алған.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.

Мәселен, 2025 жылғы 1 мамырда 143,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 87,8 мың адам, Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос орындарға – 31,7 мың адам, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 23,6 мың адам, орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 42 адам.

Сонымен қатар, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 572 800 теңге) дейінгі мөлшерде 9 мың грант беру көзделген. Грант алуға үміткерлерден өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі 2025 жылғы 21 мамыр мен 3 маусым аралығында өтеді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив