️Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

ЖАҢАЛЫҚТАР 16-05-2025, 11:51 0

Бүгін еліміздің барлық өңірінде мектеп түлектері үшін маңызды кезең – Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. 

Биыл жалпы саны 216 мыңға жуық оқушы мектеп бітірсе, олардың 85 пайыздан астамы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Тестілеу науқаны 7 шілдеге дейін жалғасады.

ҰБТ өткізу барысында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Әрбір үміткер арнайы тексеру бекеттерінен өтіп, тыйым салынған заттар – ұялы телефон, шпаргалка және басқа құрылғыларды ішке алып кіруге рұқсат етілмейді.

Тестілеу форматы өзгеріссіз қалды:

— 5 пәннен сынақ алынады;

— Жалпы 140 сұрақ ұсынылады;

— Тест тапсыру үшін 4 сағат уақыт беріледі.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив