Шығыс Қазақстанда 28 жастағы әйел енесінің атына жасырын несие рәсімдеген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Ол әлеуметтік төлемдерді рәсімдеймін деген сылтауымен банктің мобильді қосымшасы арқылы енесінің және туыстарының жеке деректерін пайдаланған. Сот екі жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған.
Алайда есепте тұрған сотталушы белгіленген шарттарды орындамаған. Сондықтан жазасы қатаңдатылып, бір жыл үш айға бас бостандығынан айырылды. Енді жазасын Абай облысындағы әйелдер колониясында өтейді.