Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жазғы лагерьлерді тексереді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Бұл жұмыс балалардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Маусым басталмай тұрып құтқарушылар «Балауса», «Жігер», «Арайлы Шығыс», және «Приморск» лагерьлерінің жанындағы суға түсетін аймақтарды тексереді. Сүңгуірлер айдындарды шолып шығады.
Сондай-ақ жаз бойы лагерьлерде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін мониторингтік топтар жұмыс істейді.