ШҚО тұрғыны терроризм туралы жалған хабар берген

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 16:16 0

 «Өскемен-1» станциясындағы полиция қызметкерлері ұшақ бортында және әуежайларда тәртіп бұзған 79 адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen 

Көбінесе полицейлер белгіленбеген орындарда темекі шегу, қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас жүру фактілерін тіркеген. 

Бұдан бөлек, аса қауіпті оқиға – терроризм актісі туралы жалған хабар беру дерегі тіркелді. Құқықбұзушы — Шемонаиха ауданының тұрғыны екені анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Полиция қызметкерлері ұшақ бортында және әуежайларда тәртіп бұзу – жай ғана бұзақылық емес,шынайы қауіп төндіретін әрекет екенін ескертті.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив