Өскемендіктер понтон көпірі атап кеткен Ертістегі екінші өткел мамыр айының соңында ашылатыны айтылған болатын. Өткен жылдың күзінен бері көпірдің бір жақ бағыты жабық тұр. Себебі онда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ертістегі екінші көпірмен өтетін тұрғындар қыс бойы кептелістің зардабын тартып келеді. Жаз шығып, жұрт саяжайға бара бастаған тұста кептеліс тіптен көбейе түсткен. Оған себеп, су құбырларын ауыстыруға байланысты көпірдің бір бағытындағы жол қозғалысы өткен жылдың күзінде тоқтаған болатын. Алайда көпірдің жабық тұрған бағытында қыс бойы ешқандай жұмыс жүрілмеген. Ерте көктемде облыс әкімі Нұрымбет Сақатағанов жұмыстың дұрыс жоспарланбағанын айтып, мәселені тездетіп шешу керек екенін айтқан болатын. Содан бері көпірдің келесі бөлігінде жұмыс істеле бастаған. Ал жол қозғалысы ашық бағытында әдеттегідей кешке-таңертең ұзын сонар кептеліс.
Өскемен қаласының әкімі Алматы Ақышов ең оптимистік болжамдар бойынша мердігерлер жұмысты 1 мамырға, ары кетсе10 мамырға дейін аяқтайтынын айтты.