600-ге жуық жұмыс бар: Өскеменде жәрмеңке өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты Бүгін, 09:46 0

Ертең облыс орталығында «Шығыс маманы» деп аталатын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл іс-шараға 80-нен астам жұмыс беруші қатысып, 600-ге жуық қызмет ұсынады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Іс-шараның басты мақсаты – жұмыссыз азаматтарға, жастарға және білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату.

Бүгінген дейін жәрмеңкеге 25-тен астам ірі кәсіпорын қатысуға өтінім беріп үлгерген. Атап айтқанда:

«Казцинк» ЖШС

«ТМК» АҚ

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ

«Шығыс жылу» АҚ

«Согрин ЖЭО» ЖШС

«Біріккен ЭнергоСервис компаниясы» АҚ

«Темірбетон комбинаты» ЖШС

«Өскемен ұн комбинаты» ЖШС

«Востокмашзавод» АҚ

«Востокцветмет» ЖШС

«Арна Минералс» ЖШС

«СМУ Шығыс» ЖШС және басқа да мекемелер бар.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз кәсіпорындарының таныстырылымын жасап, бос жұмыс орындарын ұсынады. Сонымен қатар үміткерлер HR-менеджерлермен бетпе-бет сөйлесіп, пікір алмасады.

Сондай-ақ жәрмеңке аясында жұмыспен қамту, еңбек құқықтары және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша кеңес беру қызметтері көрсетіледі.

Іс-шара Республика алаңында болады, сағат 10:00-де басталады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив