Өскеменде енді Бауыржан Момышұлының муралы бар

ЖАҢАЛЫҚТАР 8-05-2025, 14:56 0

Өскеменде Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы бейнеленген мурал салынды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Өскемен қаласы Қабанбай батыр, 136 мекенжайындағы үйдің қасбетінде Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан, полковник, жазушы, Қазақстанның Халық қаһарманы – Бауыржан Момышұлы бейнеленген 150 шаршы метрді құрайтын жаңа мурал пайда болды. 

Ұлы Отан соғысы жылдарында Бауыржан Момышұлы генерал Иван Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамындағы батальонды басқарып, Мәскеуді қорғау кезінде ерекше стратегиялық ойлау қабілеті мен ерлік көрсетті. Оның батырлығы, темірдей тәртібі және жауынгерлеріне деген сенімі мыңдаған адамға үлгі болды.

Муралда Бауыржан Момышұлының әйгілі сөзі бейнеленген: «Отан үшін отқа түс – күймейсің...». Бұл сөздер бүгінгі ұрпаққа патриотизм мен елге адал қызмет ету ұғымын терең сезіндіреді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив