«1941 жылдың жазы»: Өскемендегі бас киіз үйде фильм көрсетіледі

ЖАҢАЛЫҚТАР 8-05-2025, 11:57 0

Облыс орталығында «1941 жылдың жазы» фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

8 мамыр күні сағат 19:00-де қала тұрғындары мен қонақтары Республика алаңындағы орталық киіз үйде қазақ халқының даңқты ұлы Әди Шәріповтың жауынгерлік жолы бейнеленген  «1941 жылдың жазы» фильмін тамашалай алады.  

Айта кетейік, Әди Шәріпов 1912 жылы 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Мариновка ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Кеңес Армиясының қатарында болған. Беларусь жеріндегі, Смоленск, Орлов облыстарындағы партизан отрядтарының құрамында болды. 1943 жылдың желтоқсанынан 1944 жылдың мамырына дейін партизан қозғалысының Смоленск штабында жұмыс істеген.

Соғыстан кейінгі уақытта Қазақ КСР Оқу Министрінің орынбасары, Қазақ КСР Оқу Министрі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, 1966–1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы және КСРО Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив