Өскеменде тағы бірқатар аула абаттандырылады

ЖАҢАЛЫҚТАР 6-05-2025, 09:23 0

Қазыбек би даңғылындағы №46, 48, 50, 52 және Есенберлин даңғылындағы №19, 21, 23 үйлердің аулалары абаттандырылады. Өскемен әкімі тұрғындармен кездесіп, аулалардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Өскемен қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғаса түспек. Келесі кезекте Қазыбек би мен Есенберлин даңғылдарындағы бірнеше көпқабатты үйдің ауласы жаңартылады.

– Кездесу кезінде тұрғындар өз пікірлерін ортаға салып, болашақтағы балалар алаңы мен ауланың жай-күйіне қатысты ұсыныстарын жеткізді. Балалар да ой бөлісіп, қандай ойын алаңы болғанын қалайтынын айтты, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев.

Жоспар бойынша аулаға қауіпсіз балалар алаңы салынады, спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар орнатылады. Барлық жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға да ыңғайлы жағдай жасалмақ.

Қала әкімі әр тұрғынның пікірі маңызды екенін айтты. Өйткені аула – тұрғындардың ортақ демалыс аймағы. Ол – балалардың ойнайтын, үлкендердің демалатын ортақ кеңістігі.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив