Шығыс Қазақстан облысы бойынша 26 мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген. Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталғанын ескерткен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen..
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталған. Алайда көлік салығын төлемегендер көп көрінеді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 26 139 тұрғын салық төлемеген. Олардың берешегінің жалпы сомасы – 861,1 млн теңге.
Салықты уақтылы төлемеген жағдайда салық органдары қарызды 30 жұмыс күні ішінде өтеуді талап ететін хабарлама жібереді. Егер 30 күн өткеннен кейін салық төленбесе және қарыз сомасы 1 АЕК-тен асса, салық бұйрығы шығарылады, оны 5 жұмыс күні ішінде орындау қажет.