Глубокое ауданындағы «Нұртау» тау-шаңғы курортында қысқы спорт түрлері бойынша әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында ашық жарыс өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
8 ақпанда өтетін бәсекеде тау шаңғысы және шаңғы жарыстары бойынша Глубокое ауданы әкімінің жүлдесі сарапқа салынады.
Жүлде қоры – 1 200 000 теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге (ерлер мен әйелдер жеке-жеке) ақшалай сыйақы мен медаль табысталады.
Жарыс Глубокое ауданы әкімдігінің, «NT Travel» ЖШС және ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілмек.
Спорт бәсекесі Бобровка ауылындағы «Нұртау» тау-шаңғы курортында 8 ақпан күні сағат 10:00-де басталып кетеді.
Қосымша сұрақтар болса: 8 777 063 9434