Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XIX сессиясында Ұлан ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру барысы талқыланды. Сессия барысында аудан әкімі Арман Бекбосынов әкімдік тарапынан 2024 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарының жоспары бекітілгенін жеткізді.
- Осы Жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары тоқсан сайын өткізіліп, онда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ағымдағы жағдайын талдауға қатысты мәселелер талқыланады. Жоспар негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз» тақырыбында 8 дөңгелек үстел форматындағы іс-шара, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру бойынша шаралар кешенін өткізу» тақырыбында 15 семинар өткізілді, - деді Арман Бекбосынов.