2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру жөніндегі бағдарлама іске қосылды, осыған сәйкес Шығыс Қазақстан облысына 6 сүт-тауарлы фермасын салу және реконструкциялау үшін республикалық бюджеттен 10 млрд теңге қаражат бөлінді.
– Қазіргі уақытта оларды салу және реконструкциялау жұмыстары аяқталуда, қажетті жабдықтармен малдар сатып алынды. Осы «600 басқа арналған жұмыс істеп тұрған сүт-тауар фермасын кеңейту» бағдарламасының жобаларының бірін іске асыру мақсатында «Средигорное-2» ЖШС Германиядан симменталь тұқымды 350 бас ірі қара малын сатып әкелуді жоспарлап, қазіргі уақытта 95 бас құнажындар әкелінді, - делінген Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығының баспасөз қызметінің хабарламасында.
2024 жылдың соңына дейін Германиядан тағы 255 бас асыл тұқымды малдар тиісті карантиндік іс-шаралардан өткеннен кейін әкелінетін болады.