2025-2028 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларында 20 мыңнан астам маманды оқыту жоспарланған. Бұл туралы ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек хабарлады.
– Алдағы төрт жылда 20 678 жұмыс орнына деген қажеттілік анықталды. Мемлекеттік тапсырыс орындарының басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы мамандықтар үшін бөлінген - 2700-ден астам орын, бұл машина жасау, металлургия және құрылыс мамандарына деген қажеттілікке байланысты, - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.
ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасарының сөзінше, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін өңірде дуальді оқыту жүйесі енгізіліп жатыр.
– Шығыс Қазақстан облысында іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды ескере отырып, «Құрылыстағы сметалық іс», «Логистика», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Жаңартылатын энергетика», «Әуе энергетикасын ұйымдастыру», «Су көлігін пайдалану», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Цифрлық техника», «Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану», «Техникалық қызмет көрсету және жөндеу» және т.б. жаңа мамандықтар ашу жоспарланып отыр, - дейді Алима Ақылбек.