«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жасалған келісімшарттар бойынша негізгі міндеттемелерді орындауда бұзушылыққа жол берген мердігерлердің тізімін жариялады.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, бұл мекемелер республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеуден өткізу барысында, сондай-ақ жолдарды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған.
Сонымен қатар, кейбір мердігерлер біліктілік талаптары және тендерлік баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат ұсынған.
Жосықсыз мердігерлердің тізіміне келесі мекемелер енгізілді:
1. «Қаз Строй» КС» ЖШС;
2. «Бекет Сат Жол» ЖШС;
3. «Искер-Т» ЖШС;
4. «Инженерный центр «Астана» ЖШС;
5. «Алматыдорпроект» ЖШС;
6. «QazConstructions» ЖШС;
7. «Автодорсервис» Фирмасы ЖШС;
8. «Базис-Z» ЖШС.