ШҚО-да мемлекеттік қызметкер аудан әкімін сотқа берді


ЖАҢАЛЫҚТАР 17-10-2024, 11:00 0

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкер қызметтік тұрғын үйді өз атына аударғысы келген. Бірақ аудан әкімі пәтерді жекешелендіруден бас тартқан.  Талап қоюшы әкімнің бұл шешімімен келіспей сотқа жүгінді. 

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімнің пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы шешімінде пәтер қызметтік болып есептелетіні, балансында пәтері тұрған органмен талап қоюшының еңбек қатынастарында тұрмағаны көрсетілген. 

Талап қоюшы мемлекеттік қызмет өтілі мен экологиялық апат аймағында тұратын тұлғаның куәлігін ескеріп және  оның пәтерді жекешелендіру құқығына сілтеме жасай отырып, шешіммен келіспеді. 

– Талап қоюшының жалпы еңбек өтілі 40 жыл, оның ішінде 35 жыл мемлекеттік қызмет өтілі. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 109 бабының 2, 4-тармақтарына сәйкес аталған өтіл болған және меншік құқығында өзге тұрғын үй болмаған кезде тұлғаның тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар, - делінген мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хабарламасында.  

Сот мемлекеттік қызметкердің талап арызын қанағаттандырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив