ШҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам стихиялық қоқыс үйіндісі жойылды


МАҢЫЗДЫ / ЖАҢАЛЫҚТАР 5-08-2024, 12:14 0

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында биыл 100-ден астам стихиялық қоқыс үйіндісі жойылды.  Бұл туралы Қазақпарат жазды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін қалалар мен елді мекендерге рейдтерге шықты.

«Осылайша, облыс бойынша 100-ден астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталып, жойылды. Сонымен қатар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 4 700-ге жуық адам, оның ішінде қоғамдық орындарды ластағаны үшін 1 400-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.

Рейдтер барысында полицейлер мемлекеттік органдармен бірлесіп халықтың абаттандыру және қоқыс шығару ережелерін бұзуының алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге тастау жағдайларын көргендерге бірден «102» жедел арнасына хабарласуын сұраймыз. Біз тек бірлесе әрекет етсек айналамызды таза етіп, табиғатты сақтай аламыз», - делінген хабарламада. 

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив