Бүгін Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-09-2024, 10:04 0

2024 жылдың 2 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

Ақорда таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек, президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.

"Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады", — деп хабарлады Ақорда.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив