Шығыс өңірінде 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаты қабылданып жатыр. Бұл үдеріс 31 тамызға дейін жалғасады.
Жалпы биыл жоспар бойынша 9679 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Бүгінде 8922 баланың өтініші қабылданд.
Ал балалардың оқуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстары жалғасуда. Облыста апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Дегенмен 4879 орын тапшылығы бар. Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыс орталығында 600 орындық мектеп салынатынын айта кетуіміз керек. Сонымен қатар Зайсан қаласында 300 орындық, Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп бой көтереді.