Жаңалықтар
ШҚО-да бір аптада мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

18-24 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысында 1 078 жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, ең жиі кездескен заңбұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша 509 дерек және маневр жасау қағидаларын бұзудың 301 фактісі.
Сондай-ақ 89 жүргізушінің апаттық жағдай туғызғаны және қарсы бағытқа 18 рет шыққаны анықталды.
– Бір апта ішінде көлікті мас күйде басқарған 26 жүргізуші және көлік басқару құқығы жоқ немесе жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан рөлге отырған 58 адам анықталды. Бұдан бөлек, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 46 дерегі тіркелді, – делінген ақпаратта.



