Жаңалықтар

ШҚО-да 196 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды

Жыл басынан бері өңірде 9 023 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 7 571 дерек абаттандыру қағидаларын сақтамауға, ал 1 452 жағдай қоғамдық орындарды ластауға қатысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде 214 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, оның 196-сы жойылды. Қалған ластанған аумақтарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

– Абаттандыру саласындағы құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалардың атына 115 ұйғарым енгізілді, – делінген хабарламада.

Абаттандыру қағидаларын бұзу деректерін анықтау жұмыстары жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button