Жаңалықтар

Өскеменде Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді

27-28 қараша аралығында Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

27 қараша күні сағат 11:00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ұланым – туған жерім, тұғырым» атты білгірлер сайысы басталады.

Сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының фойесінде «Ұлан шеберлері» атты қолөнер көрмесі және аудан өнімдерінің дегустациясы ұйымдастырылады. Ал сағат 18:00-де облыстық филармонияның концерт залында «Туған жерім – тұғырым» атты аудан өнерпаздарының концерті өтеді.

28 қараша сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында Ұлан ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Сондай-ақ гір көтеру, арқан тарту және қол күрестен халықтық спорттық ойындар ұйымдастырылмақ.

Ал сағат 09:00-18:00 аралығында №40 жалпы орта білім беретін мектептің спорт залында Ұлан ауданы әкімінің кубогі үшін футзалдан облыстық ашық турнир өтеді.

Сағат 12:00-де «Maxi mall» сауда орталығында «Ұланым менің – ұраным» атты «Бескөл» ансамблінің жеке концертін тамашалауға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button