Жаңалықтар

Өскеменде полицияға ең көп шақырту түскен ТОП-5 орын

ШҚО Полиция департаменті 2026 жылдың он айында Өскемендегі ойын-сауық орындарынан «102» арнасына түскен қоңыраулар статистикасын зерделеді. Осы кезеңде барлығы 1080 қоңырау тіркелген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

«102» арнасына ең көп хабарласқан бес мекеме:

«Bike Club» түнгі клубы – 50 қоңырау.

«Сибинка» кафесі – 45 қоңырау.

«Soprano» караоке-бары – 36 қоңырау.

«Салют» ресто-бары – 33 қоңырау.

«Bavaria» бары – 32 қоңырау.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда полицияға түскен хабарламалар саны 1,5 есеге азайған.

– Бұл ретте қоңыраулар саны әр жағдайда құқық бұзушылық жасалды немесе орын алған жағдайға мекеменің өзі жауапты дегенді білдірмейді. Әрбір хабарламаның артында тексеруді және тиісті ден қоюды қажет ететін жеке жағдай тұруы мүмкін, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button