Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиев ұсталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

– 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Самұрық-Қазына АҚ Басқармасының Төрағасы Н. Жақыпов пен ҚТЖ ҰК АҚ Басқармасының Төрағасы Е. Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да тұлғаларды ұстады, – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында. 

Істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button