ШҚО құтқарушыларына Жаңа Бұқтырма кенті аумағындағы Бұқтырма су қоймасында екі SUP-бордпен серуендеп жүріп, жағаға жете алмай қалған 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Құтқарушыларға екі SUP-бордқа мінген адамдарды су ағысы жағадан алысқа алып кететіні туралы хабарлама келіп түскен.
– Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағаға 4 адамды жеткізді, оның ішінде екі бала, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
ТЖМ еске салады: дауылды ауа-райында, сондай-ақ түнде жүзуге шықпаңыз. SUP-бордқа, қайықтарға, катамарандарға құтқару кеудешелерінсіз отыруға тыйым салынады. Сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК әкімшілік жаза қарастырылған.