Астанада ШҚО-ның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
3–4 қазан күндері Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жәрмеңкеге Өскемен қаласы мен облыстың 11 ауданынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам өнім түрі ұсынылады. Оның ішінде ет, сүт өнімдері, балық, бал және омарташылық өнімдер, өсімдік майы, жарма, шұжық өнімдері, қымыз, ұлттық өнімдер және тағы да басқа тауарлар бар.
Өнімдер нарықтағы бағадан 15–20%-ға төмен бағада сатылады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі аясында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына:
бал – 60 тонна;
шұжық өнімдері – 6,5 тонна;
сүт өнімдері – 10 тонна;
өсімдік майы – 25 тонна;
балық және балық өнімдері – 9 тонна;
мал және құс еті – 37,5 тонна;
қымыз және ұлттық өнімдер – 2 тонна;
алкогольсіз сусындар – 500 литр;
панты өнімдері – 0,5 тонна ұсынылады.
Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 150,5 тоннаны құрайды.
Жәрмеңке сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы, 1 мекенжайында орналасқан ипподром аумағында өтеді.



