Жаңалықтар
ШҚО-да жол апатынан бір адам көз жұмды

Өскеменде жол апатынан бір адам көз жұмып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
27 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Шешек асуы маңында Toyota Corolla және Kia Soluto автокөліктері соқтығысқан.
– Жол апаты салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.



