БастыЖаңалықтар

«Шығыс Салбуырын — 2026» І Азия кубогі өтеді

8–11 қазан күндері Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбеде» қазақтың дәстүрлі құсбегілік өнерін дәріптейтін халықаралық жарыс өтеді.

«Шығыс салбурын – 2026» І Азия кубогіне 9 елдің бүркітшілері қатысып, бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгі баптаудан бақ сынайды.

Шара аясында көрермендерге тазы жарысы, асау үйрету, жамбы ату, теңге ілу және «Толағай» сияқты ұлттық спорт түрлері ұсынылады. Сонымен қатар танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

📍 Өтетін орны: Ұлан ауданы, Бозанбай ауылы, «Бүркіт төбе»
📅 8–11 қазан 2026 жыл

Ұлттық спорт пен дәстүрді дәріптейтін халықаралық додаға шығысқазақстандықтар мен қонақтарды шақырады!

Басқа жаңалықтар

Back to top button