ШҚО дәрігерлері қытай медицинасының өкілдерімен тәжірибе алмасады

ЖАҢАЛЫҚТАР 19-05-2025, 15:00 0

Шығыс Қазақстан облысынан келген делегация Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына сапары аясында Алтай аймақтық дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасында болды. 

Алтай аймақтық дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасы – емдеу, шұғыл көмек, оңалту, білім беру және ғылыми зерттеуді біріктіретін үшінші деңгейлі көпсалалы медициналық мекеме. 

Аурухана өкілдерінің айтуынша, мекеме Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы аумағында клиникалық қазақ медицинасы, дәрілік заттарды әзірлеу және мамандар даярлау саласында жетекші орын алады.

Қазіргі уақытта ауруханада автономиялық ауданның лицензиясы бар 28 түрлі ауруханаішілік өндірістегі дәрілік препарат бар. Сонымен қатар, онда  GE компаниясының 64 тілімді компьютерлік томографы, 1,5 Тл магнитті-резонанстық томографы, Philips компаниясының жоғары сапалы ультрадыбыстық зерттеу құрылғылары және Olympus тораколапароскоптары секілді заманауи жабдықтар орнатылған.

Ауруханаға сапар қорытындысы ретінде маусым айында ШҚО дәрігерлері үшін қытайлық мамандардың шеберлік сабағын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұдан бөлек, Өскемен қаласында қытай халық медицинасы бойынша бірлескен кәсіпорын құру жоспарлануда.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив