Баланы құтқарып қалған студенттің оқу ақысы төленетін болды

ЖАҢАЛЫҚТАР 16-05-2025, 09:08 0

Жуырда Үлбі өзенінде болған төтенше жағдайда жылдам әрі дұрыс шешім қабылдап, суға құлап кеткен баланы аман алып қалған ҚАЕУ «Психология» мамандығының студенті Ерасыл Омархановты қала әкімі арнайы шақырып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қала әкімі бүгінгінің батыры атанған студентке «AN Group» компаниясы оқу ақысын өтеу туралы бастама көтеріп, оның білім алуына қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

– Бүгін ҚАЕУ «Психология» мамандығында оқып жатқан студен Ерасыл Омархановпен кездестім. Оның батылдығы, табандылығы және жақынға көмек көрсетуге деген шынайы ниеті зор құрметке лайық. Көрсеткен жанашырлығы мен жауапкершілігі үшін Ерасылға алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыстадым, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев.

Қала әкімімен кездесу барысында Ерасыл бұл әрекетін ерлік деп санамайтынын, мұндай жағдайда әр азаматтың дәл осылай көмекке келуі тиіс екендігін айтқан.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив