Шығыс Қазақстанда соңғы жылдары «Қонақжай отбасы» жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Сондықтан бұл баламасыз жоба биыл да жалғасын табады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Жоба барысында балаларға практикалық қазақ тілі ерекше әрі тиімді форматта үйретіледі. Биыл жоба географиясы кеңейді.
Биыл 140 оқушы, 62 отбасы қатысады. Үш аудандағы бес елді мекен қамтылады.
Бағдарлама бойынша балалар тілді үйреніп ғана қоймай туған өлке тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрін зерделеп, ұлттық музыкалық аспаптарды меңгереді. Сонымен қатар киелі жерлер мен тарихи ескерткіштерді аралайды.