Ұрпақ саулығына ерекше көңіл бөлінеді – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:06 0

Өңірде білім беру, медицина және әлеуметтік мекемелер арасында тығыз байланыс орнатылған, бұл алдын алу және ағартушылық жұмыстарды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мырзабекова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ел көлемінде басталған репродуктивті денсаулық апталығына ШҚО белсенді қатысуда. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған акция халықтың кең ауқымын қамтиды — жасөспірімдерден бастап ата-аналарға, студенттерден бастап ұстаздарға дейін.

– Өңір белсенді жұмыс атқаруда. Тек соңғы жылдың ішінде 1 256 ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізіліп, 12500-ден астам жасөспірім, ата-ана және педагог қамтылды. 12800-ден астам ақпараттық материал таратылып, жастар денсаулығы орталықтарына 15 295 өтініш тіркелді, – ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мырзабекова

Ерекше назар мектеп оқушылары мен студенттерге бөлінген. 343 мектеп пен 38 колледжде ашық сабақтар, тренингтер, ашық есік күндері, ата-аналар жиналыстары және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылған. Жалпы 105 мыңға жуық бала мен жасөспірім түрлі ағартушылық шараларға тартылған.

Нәтижесінде өңірде оң динамика байқалған:

– Жасөспірімдер арасындағы босанулар саны үш жыл бойы азайып келеді (57-ден 50 жағдайға дейін),

– Кәмелетке толмағандар арасындағы түсік жасау саны қысқаруда,

– Жастар кеңес пен қолдау алуға жиі жүгінуде. 

БҰҰ Қорының Елдік өкілдігінің (ЮНФПА) қолдауымен Өскемен қаласында ашылған Y-PEER Kazakhstan жастар еріктілер желісі аймақта ерекше рөл атқаратын көрінеді. Жастар көшбасшылық, гендер, ерте неке және салауатты өмір салты тақырыптарын зерттеп, кейін өз қатарластарымен білімдерін бөліседі.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаға ШҚО-дағы 38 мектеп қатысады. Мұнда оқушылардың денсаулығы басты назарда: жағдайды бақылаудан бастап алдын алу шараларына және мектеп сайттарын жаңартуға дейінгі жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік тапсырыс аясында “Жауапты ата-ана” жобасы іске асуда. Бұл – ата-аналарға арналған тренингтер, сабақтар мен әдістемелік құралдар, олардың балаларын жақсы түсініп, сенімді қарым-қатынас орнатуына көмектеседі. Биылдың өзінде 758 сабақ пен 16 семинар өткізіліп, жүздеген отбасы қатысқан.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив