Қазақстан өңірілерінде бизнес идеяларды дамытуға бағытталған грант 21 мамырдан бастап беріле бастайды. Респубилка бойынша бірінше лекте 4 500 грант беру жоспарланған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады. Аталған гранттар өтеусіз негізде беріледі және жаңа бизнес идеяларды дамытуға, қолдауға бағытталған.
Грант мөлшері 400 АЕК (1 572 800 теңге) құрайды. Әрбір қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
– Өтініш беру үшін сізге:
– порталда тіркелу;
– грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
– изнес-жоспар шаблонын жүктеп алыңыз, оны толтырыңыз және порталға жүктеңіз;
– өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қойыңыз.
Интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға үміткерлер:
– жұмыссыз ретінде тіркелген;
– жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
Бұл ретте үміткер мынадай әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:
– мүгедектігі бар адамдар;
– "қандас" мәртебесі бар тұлғалар;
– аймақаралық қоныс аударушылар;
– аз қамтылған отбасы мүшелері;
– көп балалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);
– мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
– асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Үміткерде 3 жылдан аспайтын мерзіммен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс.
Рәсімдердің ашықтығын, адами факторды төмендетуді, өтініш берушілердің ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін гранттар берудің барлық процесі электрондық форматқа ауыстырылды. Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе-портал арқылы жүзеге асырылады "Business.enbek.kz".
Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құсты, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу арқылы алуға болады.
Гранттар: тұтыну мақсаттарына, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.
Гранттарды еңбек ұтқырлығы орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.
Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте Комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай критерийлер бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.
Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.
Комиссияның шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және қаражатты пайдалану туралы есептерді тоқсан сайын ұсынады. Мұның бәрі электрондық форматта, еңбек ұтқырлығы орталықтары мен оның филиалдарына (мансаптық орталықтарға) бармай-ақ жасалады.