Айнабұлақ ауылында спорт модулі салынып жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 09:00 0

Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи жаңа спорт модулі салынып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қазіргі уақытта нысанның 40%-ы дайын. Құрылыс алаңында спорт залының металл конструкцияларын орнату, бетондау жұмыстары, әкімшілік-тұрмыстық корпустың сейсмикалық белдеулік қалыптарын орнату және қабырғасын қалау жұмыстары жүріп жатыр. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Спорттық модуль тұрғындардың денсаулығын сақтауға және елді мекенде бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізеді. Кешен екі негізгі бөліктен тұрады – ангар типті спорт залы мен кірпіштен салынған әкімшілік-тұрмыстық блокты жабық галерея жалғайды.

Жоба бойынша мұнда еркін және грек-рим күресі, баскетбол, волейбол өткізіледі. 

Бұл жоба ауылдық елді мекендердегі спорттық инфрақұрылымды нығайтудағы маңызды қадам болып, Айнабұлақ ауылының тұрғындары мен жастарының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив