Кеше Үлкен Нарын ауылында су құбыры жарылған. Құбырды қалпына келтіру кезінде топырақ опырылып, «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері қаза тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың бірі – дәнекерлеуші Ержан Айтпаев, екіншісі – слесарь Сергей Кастерин.
Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.