Өскеменде «Музей түні» болады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:20 0

Биыл «Музейдегі түн» халықаралық акциясы Жұмысшы мамандықтар жылына орай, «Тағдырға айналған кәсіп» тақырыбында өтеді. Шара 16 мамырда облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Рухани шара аясында мерекелік концерт өтеді. Оған облыстық филармония, драма және оперетта театрының солистері, сондай-ақ Достық үйінің солистері қатысады. Келушілер үшін қолөнер, киімдерді қалпына келтіру және тоқу бойынша шеберлік сабақтар, көрме-жәрмеңке, квест ойындар мен ұлттық ойындар, сауда-саттық ұйымдастырылады.

Музей түнінің қонақтары сурет салып, халық аспаптарымен таныса алады.Балаларға арналған ойын алаңы да ұйымдастырылады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив